Петропавлда «Звонница» орыс және казак әндері халық хорының есептік концерті өтті

22 Қаңтар 2019, 11:40 2350

Петропавлдағы Достық үйінде «Звонница» орыс және казак әндері халық хорының есептік концерті өтті. Ансамбль репертуарында әр тілде 100-ден астам ән бар.

27 жыл бойы «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры солтүстікқазақстандықтарды өз шығармашылығымен қуантып келеді. Бұл ұжым тек солтүстік өңірде ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал.

Шығармашылық ансамбльдің дамуына көркемдік жетекші Виктор Подолян мен концертмейстер Сергей Снурницин үлкен үлес қосты.

«Мен осы ұжыммен көп жыл жұмыс істеймін. Әрбір солисттің өз мінезі мен қалауы бар, бірақ бізді музыкаға және Отанымыз - Қазақстанға деген махаббат біріктіреді», - дейді Сергей Снурницин.

Достық үйінің сахнасынан шыққан әндер – махаббат пен отан, отбасы мен достық туралы. «Звонница» халық хорынан басқа концерттік бағдарламада Геннадий Вебер степ форматында «Цыганочканы» орындаса, Надежда Рудикова совет жауынгерлерінің ерліктері туралы поэманы оқып берді, Владимир Тимошин отбасы туралы өзі шығарған өлеңін айтты, ал концерттік бағдарламаның соңында «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры, Антон Гуторов, Владислав Фирсовтың орындауында «Хлеб – всему голова» әні шырқалды.

Шығармашылық кештің салтанатты сәті Хисматуллиндер отбасын Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігінен «Махаббат пен адалдық үшін» медалімен марапаттау рәсімі болды.

Бөлісу: