Петропавлдағы «Qazaqtany’» мектебінде жент пен шелпек әзірлеудің қыр-сырымен бөлісті

28 Қараша 2018, 04:09 3081

Петропавл қаласының «Qazaqtany'» мектебінің кезекті сабағында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ирина Литт жент дайындау бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, дәмді қазақ ұлттық тәттісінің тарихы туралы әңгімелеп берді.

Жент мерекелік тағам болып саналады және оны әдетте ерекше жағдайларда дайындайды. Дәстүр бойынша жентті таза шүберекке орап, басқа тәттілермен бірге жеке сандықта сақтаған.

«Қоғамдық келісім» КММ сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы Гүлмира Құсайынова өз кезегінде «Жеті шелпек» дайындау бойынша сынып шеберін өткізді.

Шелпек - дөңгелек пішінді, ұннан жасалған қазақтың ұлттық тағамы, нан түрлерінің бірі саналады. Әдетте шелпек терең табада пісіріледі. Оны сүтті, қатпарлы, тұщы немесе ашытқы қамырдан дайындауға болады.

Қазақ халқы шелпекті дайындауға ерекше мән береді, оларды Айт кезінде, дүние озған туған-туыстарды еске алғанда және жұма күні дайындайды.

Мектеп директоры Жангелді Тәжин шелпекті қашан дайындау керектігін, әдетте қалай берілетіні туралы айтып берді: «Алдымен құран оқылады, содан кейін ақсақал шелпекті бөліп, оң қолымен дастарқан басындағыларға таратады», – деді ақсақал.

Жент пен шелпек дайындау аяқталғаннан кейін «Qazaqtany» мектебінің қатысушылары жент пен шелпекті дайындау жолын (рецепт) жазып алып,  қызықты және танымдық сабақ үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Бөлісу: