Петропавлда суға батып кеткен бала 5 күннен бері табылмай жатыр

19 Маусым, 13:20 742

Петропавлда өзен суына батып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары бесінші тәулік жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Өткен жұмада Петропавлдағы Есіл өзенінде төрт бала ойнап жүрген. Бір сәтте олардың бірі иірімге түсіп, жоғалып кеткен.  Іздестіруге 50-ден астам құтқарушы, ерікті мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды, су және әуе дрондары тартылған. 

СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлібек Боранбаев іздеу шаралары жүріп жатқанын, су тасқынынан кейін судың лас екенін мәлімдеді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: