Петропавлда спорт-баттл түрінде ұйымдастырылған ұлттық ойындарда достық жеңді

1 Қараша 2019, 16:45 3364

Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының бастамасымен ұлттық ойындар бойынша спорт-баттл ұйымдастырылды.


Спорттық жарысқа қатысушылар екі топқа бөлінді: студенттер мен оқытушылар. Айта кететін жайт, командалар көп ұлтты болды – оқытушылар командасында 5, студенттер командасына 7 түрлі этностың өкілдері енді.

Барлығы 11 ойын ұйымдастырылды. Турнир эстафета түрінде өткен «Спортивная репка» орыс ойынынан басталды. Екінші ойын – қазақ – «Тұтқынға алу» («Перетяни за черту») деп аталды, қатысушылар жұпқа бөлініп, өз қарсыластарын сызықтан тартып өткізуге тырысты. Беларус ойыны «Пасадка бульбы» («Картоп отырғызу») деп аталды. Командалардың міндеті арнайы бөлінген орынға «картопты отырғызу» болды, картопты –қаптан алып, келесі қатысушы она қайтадан қапқа жинауға тиіс болды.


Ұлттық ойындардың әртүрлілігі өзінің әсемдігімен және қызықты ережелермен таң қалдырды. Атап өтілгендерден басқа, сондай-ақ: «Капуста в бочку» (поляк), «Берд – Крепость» (армян), «Сплети венок» (украин), «Човган» (азербайджан), «Кхокках» (неміс), «Тхухо в кувшин со стрелами» (кәріс), «Собери урожай» (татар) сияқты ұлттық ойындары ұйымдастырылды.


Командалар ойын тапсырмаларын орындап, барлық сынақтардан өтуге тырысты. Жарыс өте қызу өтті. Ұлттық ойындар бойынша спорт-баттл достық жеңісімен аяқталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Бөлісу: