Петропавлда құны 172 миллион теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды

11 Мамыр 2023, 17:45 722
Петропавл қаласының прокуратурасы өрескел заңбұзушылықты анықтады Коммерциялық мақсат үшін жер учаскесін беру кезінде уәкілетті органдар қолданыстағы ережелерді елемей, пайдалану үшін беруге жатпайтын ауданы 0,0150 га жер учаскесінің бір бөлігін заңсыз берген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Петропавл қаласы прокурорының актісі бойынша аукционнан тыс берілген жалпы құны 172 миллион теңге болатын 6,8 га жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Анықталғандай, бұл жер учаскесі құрылыс салушылардың біріне әкімдіктің 2021 жылғы маусымдағы қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін конкурстан тыс инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген.

Алайда, мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ережелері тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап (яғни, жер учаскесі берілгеннен кейін 6 айдан кейін) қолданысқа енгізілді. Осылайша, инвестициялық жоба мүлдем болған жоқ.

Сондай-ақ қаланың 69 жер пайдаланушысы тарапынан жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары бойынша сомаларды төлеу бойынша шарттық және салық міндеттемелерін орындамау фактілері бойынша мемлекетке 119 млн теңге өндірілді.

Облыстың Әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметкерлерді жауапқа тартты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: