Петропавлда көпқабатты үйде өрт болып, 90-нан астам адам құтқарылды

17 Қыркүйек, 01:12 253

ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде тоқсаннан астам адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Петропавлда тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Құтқарушылар баспалдақ маршымен 70 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 10 бала бар. 24 адам құтқарылды, олардың 6-сы балалар, - делінген мәліметте.

Өрт 9 шаршы метр аланда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Зарина Арман
Бөлісу: