Петропавлда көпбалалы отбасының он тоғызыншы сәбиі дүниеге келді

8 Тамыз, 06:41 814

Петропавлдық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың 10 ұлы мен 9 қызы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

43 жастағы Татьяна Култышева 6 тамызда қыз босанды. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы тұрақты. Отағасы босану барысында келіншегіне демеу болып, жанында болған. Баланың салмағы - 4250 грамм және бойы 56 сантиметр.

Айта кетейік, Павел мен Татьяна ең көпбалалы отбасы саналады. 18-ші баласын Татьяна Култышева 2022 жылдың шілде айында туған. Ал тұңғышын 20 жасында босаныпты.

Отбасының үлкен қызы Иннаның жасы қазір 23-те, оның өз жанұясы, балалары бар. Ал үлкен ұлдары Владимир - 20 жаста.

Перизат Саденова
Бөлісу: