Петропавлда «Этно-fashion» ұлттық киімдер фестивалі өтті

6 Наурыз 2019, 11:55 4016

Петропавл қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне арналған «Этно-fashion» ұлттық киімдер фестивалі өтті.

Ұлттық киім – бұл ғасырлар бойғы мәдениет пен тарихтың көрінісі, халықтың жаны. Ал әр адамның жаны әр түрлі және мұны көрудің ең жақсы тәсілі - ұлттық киімдер арқылы.

Іс-шараға барлығы 10 жұп қатысты, оның ішінде (Қызылжар, Жамбыл, Ғ. Мүсірепов атындағы, Тимирязев) аудандардан 4 жұп.

Ұлттық киімдер көрсетілгеннен кейін қатысушылар ребустарды шешіп, «полиглот» интеллектуалдық ойынында мемлекеттік және халықаралық тілдерге сөздерді аудару кезінде, жүргізушілер көрермендер арасында викторина ойынын өткізді. Барлық жұптар тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты.

Үшінші турда барлық жұптар өздерінің достығын және бірлігін жалпы би арқылы көрсете білді(ручеек, Gangnam style, Skibidi).

Сондай-ақ, байқау ережесіне сәйкес, қатысушыларға әлеуметтік желілерде «Туған күніңмен, Ассамблея!» құттықтауын жариялау қажет болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, қазылар алқасы шығармашылық көзқарас пен креативтілікті бағалай отырып, үш үздік құттықтауларды анықтады.

Петропавл қаласының «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының облыстық байқау жеңімпаздары Яна Калюжная мен Данила Калюжный қонақтар назарына көптеген поляк халық киімдерінің арасында ең танымал болып табылатын краковский костюмін ұсынды. Ол таңдаулығымен, байлығымен және мінсіз талғаммен ерекшеленеді.

Облыстық байқаудың барлық жеңімпаздары мен қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне арналған «Этно-fashion» ұлттық киімдер фестиваль-байқауына қатысқаны үшін сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

«ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЙГІЛІ АДАМДАРЫ»

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫЛЫҚ ТАНГО» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАТАРЧА ДИКТАНТ» ЖАЗДЫ

Бөлісу: