Петропавлда бір тәулік ішінде 4 соқтығысу тіркелді

29 Қыркүйек 2022, 17:12 1642

Солтүстік Қазақстанның құбылмалы климаты маусымаралық кезеңде жүргізушілерге жағымсыз тосынсыйлар әкелуі мүмкін

Петропавлда бір тәулік ішінде 4 соқтығысу тіркелді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанның құбылмалы климаты маусымаралық кезеңде жүргізушілерге жағымсыз тосынсыйлар әкелуі мүмкін. Осы түні Петропавлда түскен алғашқы қар көптеген жүргізушілерді сапарлардан бас тартуға мәжбүр етті. 

Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжановтың айтуынша, көктайғақ болмаса да, облыс орталығының көшелерінде көліктер саны айтарлықтай азайған. Дегенмен, жолдарда жазатайым оқиғалар болған жоқ. Соңғы тәулікте автокөлік құралдарының 4 соқтығысуы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. 

Тәртіп сақшылары еске салады: солға бұрылу, басып озу кезінде ерекше қырағылық таныту керек — тәжірибе көрсеткендей, бұл апаттар орын алатын ең жиі кездесетін жағдайлар. Күн сайын екі ауысымды режимде облыс орталығының көшелеріндегі жол қауіпсіздігін 25 автопатруль бақылайды. Өткен тәулікте олар 86 түрлі ЖҚЕ бұзушылықтарын, оның ішінде қарсы жолаққа шығудың 3 фактісін анықтады. 

Облыстық және Республикалық маңызы бар автожолдарға СҚО ПД патрульдік полиция батальонының 15 экипажы қызмет көрсетеді. Күзгі кезеңде жүргізушілер ұзақ сапарларға жауапкершілікпен қарап, шиналарды уақтылы ауыстыруға дайындалып, мұздатылмайтын шыны тазалағыш сұйықтықты қолдануы керек.

 – Автокөлік жүргізушілерін ТЖ қызметі жіберетін ауа райы болжамдары мен ескертулерді қадағалауға шақырамыз. Ауа райының өзгеруі кезінде, әсіресе тұман кезінде, екі қарапайым ережені есте ұстаған жөн: жылдамдықты азайту қажет және көліктер арасындағы қашықтықты арттыру керек. Айта кетерлік жайт, қашықтықты сақтамау себебінен биылғы жылы СҚО-да 11 ЖКО орын алып, 1 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Жолда абай болыңыздар, көлік құралдарының техникалық жарамдылығын қадағалап, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Бөлісу: