Петропавлда белгілі солтүстікқазақстандықтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

8 Қазан 2018, 08:26 1952

Петропавлдағы Достық үйінде «Земляки» кітабының тұсаукесері өтті. 

Оның аясында автор, белгілі журналист, «Дуслык» татар-башқұрт орталығының құрметті төрағасы Раиса Бикмухаметова өзінің шығармашылық жауһарларының даналарын кітаптың кейіпкерлеріне, туыстарына және тікелей қатысы бар адамдарға салтанатты түрде табыс етті.

«Оны Ольгинский Гагарин деп атады» деген сөздерден КСРО ұшқыш-ғарышкері Александр Викторенко туралы мақала басталады. Ол Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылында дүниеге келді. Өз балалық шағын сол ауылда, шексіз аспанды, ғарыш кеңістігін армандай отырып өткізді. Оның арманы орындалды, ол ұшқыш-ғарышкер атанды.

Петропавл қаласының Достық үйінің акт залында көптеген танымал тұлғалар жиналды. Александр Винокуровтың анасын Раиса Сергеевнаны ерекше қуанышпен қарсы алды. Әрине, бұл ұлы спортшының жетістіктері үшін өмірдегі алғашқы марапат емес, бірақ Раиса Винокурованың айтуынша, кітап ерекше болып табылады, өйткені бұл Александрдың спорттық жолы, Олимпиада чемпионы жолы.

«Земляки» кітабы – еліміздің дамуына үлес қосқан атақты жерлестеріміздің тағдырының тарихы. Олар Отанымызды қорғап, қалалар мен ауылдарды жайғастырды, тың игеруді көтерді, туған өлкенің мәдениеті мен тарихын сақтады. Кітапта Солтүстік Қазақстан өңірінің ғана емес, сонымен қатар жалпы елдің атын шығарған Мағжан Жұмабаев, Александр Винокуров, Валерий Хренов, Шәміл Шақшақбаев, Виктор Зайберт сияқты замандас-батырлардың есімдері бар.

Бөлісу: