Петропавлда полицейлер 49 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғынының соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.
Сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласында белгісіз біреу бұзақылық ниетпен 49 жастағы әйелдің денсаулығына қасақана зиян келтірген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық кодекстің 107-бабы "Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.