22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПетропавлда акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнім тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы Жас өркен ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыстың 19 жастағы тұрғыны анықталды. Оның көлікжайынан көлемі 0,5 литрден болатын акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркіленіп алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.
Аталған дерек Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналды.
Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді. Көлікжай иесінің айтуынша, алкогольді сату үшін сақтаған.
Жыл басынан бөлініс қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев