Петропавлда құтқарушылар 76 жастағы қарт әжейге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктерге қала тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, көппәтерлі үйдегі пәтердің есігі құлыпталып, ішінде қарт адам қалып қойған. Шақырту бойынша мекенжайға келген құтқарушылар 1948 жылы туған әйел өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмағанын анықтаған.
Құтқарушылар есікті ашып, еденде жатқан зейнеткерді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.