Петропавл жастары тоғыз сағатқа созылған пікір-сайыс турнирінде сынға түсті

3 Желтоқсан 2019, 16:56 2733

Петропавлда Достық үйінің негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. 


Бұл формат кездейсоқ таңдалмаған. Пікір-сайысқа қатысу пікір-сайысшылардың өз көзқарасын ғылыми дәлелдей білуін қалыптастыруға, тілдің мәнерлі құралдарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев шешен сөздің қас шебері ретінде танымал.


Облыстық пікір-сайыс турниріне қатысуға 24 команда ниет білдірген. Жас пікір-сайысшыларға саяси, мысалы, «Бұл палата мемлекет ешкімге қарыз емес деп санайды» және моральдық, мысалы, «Бұл палата Қазақстандағы өлім жазасына мораторий негізделген деп санайды» сияқты өте қызықты қарарлар ұсынылды.

Турнир аясында жасөспірімдер түрлі салаларда терең білім мен кең ой-өрісін ғана емес, сонымен қатар конструктивті кейстер құру, оларды қорғау, өз көзқарасын дәлелдеу, дұрыс сұрақтар қою қабілеттерін танытты.


9 сағаттан астам уақытқа созылған туринирдің қорытындысы бойынша 1 орынды «OG» командасы, 2 орынды «Север помнит», ал 3 орынды «Проиграем!» командасы жеңіп алды. Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттармен, ал жеңімпаздар кубоктармен және дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тимофей Романюк үздік спикер атанды.


Бөлісу: