Петропавл қаласында «Отбасылық танго» концерті өтті

24 Қыркүйек 2018, 12:18 2000

23 қыркүйекте Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Отбасы күніне арналған «Русская община Казахстана» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен ұйымдастырылған «Отбасылық танго» концерті өтті. Осы іс-шара этномәдени орталықтардың өкілдерін, сонымен қатар бүкіл отбасы мүшелері, кім ата-анасына отбасылық құндылықтарды сақтап қалғандары үшін алғыс білдіргісі келгендер жиналды.

Біздің әрқайсымыздың жанымызда жақындарымыз өте көп, біз олармен көзге көрінбес қанды байланыстамыз, туғандардың ішінде жасы да бар, бізден ересегі бар.  Қандай әулет өзінің ата-бабасын құрметтеп, оларды еске алып жүрсе, сол ұрпақ мықты. Мұндай әулетті мықты , күшті және тереңге бойлаған тамырлары бар ағашпен салыстыруға болады. Отбасы – әр адамның тірегі және қолдау алатын жері.

Мерекелік бағдарлама аясында Петр және Феврония медалімен сегіз отбасы марапатталды, олар некеде 30 жылдан астам бойы өзара сыйластық пен келісімде өмір сүрген отбасылары болды. «За любовь и верность» ресми атауы бар медаль Ресей Федерациясында бекітілген қоғамдық награда болып табылады. Шекаралас ынтымақтастық аясында сегіз медаль Солтүстік Қазақстан облысына берілген болатын, олар әл-ауқатқа қол жеткізген, кімнің өзара қарым-қатынасы өмір сынағынан сүрінбей өтумен, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен адалдықты сақтап қалғандарға арналды.

Осындай, жастарға үлгі болатын тамаша отбасылардың бірі Александр Михайлович және Валентина Семеновна Бутырскийлердің отбасы. Олар некеде 57 жыл тұруда. Александр Михайлович өлең жазады, «А рядом сердце», «Звонница», «Звезды над степью», «Признание в любви» 4 өлеңдер жинағы жарық көрген. Оның есімі «Имена в истории. Северный Казахстан» тарихи-биографиялық очерктер жинағына енген. Валентина Семеновна 39 жыл бойы «Комсомолка» тігін фабрикасында тігінші болып жұмыс істеген. Бутырскийлердің екі баласы Александр және Лариса, 4 немересі және 4 шөбересі бар. Ынтамағы жарасқан отбасында бір-біріне деген ыстық ықылас, сүйіспеншілік пен бір-біріне деген түсінушілік қалыптасқан.

Барлық марапатталған отбасылар туралы жылы лебіздер айтылды. «Братство сибирских казаков», «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары Виктор Таранов және Николай Авдеев отбасыларына құрметті медальдарын сыйға тартты, оларға зор денсаулық, бейбітшілік және бақ-береке  тіледі.

Осылайша, «Отбасылық танго» мерекесі шынайы күлкімен, жүректердің жылуымен, достық амандасулармен толықты, әрбір жылы сөздер тағдыр даналық пен үлкен сезім берген мерейтой иелеріне арналды.

Бөлісу: