«Петиция туралы заң бар. Бірақ платформа жоқ». Министр Есқараев пікір білдірді

6 Желтоқсан 2023, 12:12 1307

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері әділет министрі Азамат Есқараевтан «Петицияны орналастыратын бірыңғай платформа қашан дайын болады?» деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазір тиісті платформа әзірленіп жатыр.

Бұл сұрақты уәкілетті органға қойғаныңыз дұрыс. Десе де жұмыстың аяқталуына қарай бұл платформа іске қосылады деп ойлаймын, – деді министр.

Бүгінгі таңда азаматтар ескі петицияға белсенді қол қойып жатыр. 150 мың қол жиналды. Бірақ оның күші жоқ, себебі ол платформа заңға сәйкес келмейді. Заңның орындалуы қанша уақытты алуы мүмкін? - деп тілшілер тағы да сауал қойды.

Әрине, бұл 2021 жылғы петиция, ол жаңа заңға сәйкес жасалған петиция емес, – деп қысқа қайырды министр.

Әділет министрі Азамат Есқараевқа БАҚ өкілдері «Жаңа платформада петицияларды орналастыру тегін не ақылы бола ма?» деген сауал тастаған еді, бірақ ведомство басшысы мардымды жауап бермеді.

Жуық арада жаңа платформа дайын болатынына кәміл сенемін. Жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес жаңа платформа дайындалып жатыр. Ал петицияға адамдар жаңадан қол қойып, жаңа платформаның негізінде жіберуіне болады, – деді Азамат Есқараев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: