30.04.2024
10:18
3678
Перзентханадағы екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Перзентханадағы екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талдықорғандағы перзентханадағы екі әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық Полиция департаменті 2024 жылғы 30 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықтың патология бөлімінде А.-ның қайтыс болу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

Соталды тергеу барысында тергеуші 30 қаңтарда сот-медициналық сараптама тағайындады. 9 ақпанда тексеру жүргізу үшін материалдардың көшірмелері «ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-ге жолданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, 2 ақпандағы Б.-ның өліміне қатысты ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Қазір қылмыстық істі Талдықорған қалалық ПБ тергеушісі жүргізіп жатыр.