Перуде төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

27 Ақпан 2023, 03:21 1006

Бұған құс тұмауының өршуі себеп болған

Перу билігі құс тұмауы өршуі себепті төтенше жағдай режимін ұзартты, деп хабарлайды El.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Былтырдан бері қауіпті вирустан 63 мыңнан астам жабайы және үй құстары қырылып қалған. Жақында инфекция жүздеген кәмшат пен теңіз арыстанынан анықталды.

Жануарлардың өлексесі Лима департаментінің жағажайынан табылған.

Айта кетерлігі, төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды. Билік вирус бүкіл ел аумағына таралып кетуінен қауіптеніп отыр.

EL.KZ
Бөлісу: