19.09.2025
12:40
401
Перуде 12 млн жыл бұрын өмір сүрген ерекше жануардың қаңқасы табылды

Перуде 12 млн жыл бұрын өмір сүрген ерекше жануардың қаңқасы табылды

Перу археологтары көпшілік назарына теңдессіз олжа ұсынды – жасы шамамен 12 миллион жыл болатын ежелгі теңіз шошқасының қаңқасы табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Agence France-Presse (AFP) дерегінше, ұзындығы 3,5 метрге жететін бұл қазба шілде айында Лимадан шамамен 350 шақырым оңтүстікте орналасқан Окукахе шөлінен табылған.

Бұл ерекше олжаны палеонтолог Марио Урбина анықтаған. Ол Писко геологиялық формациясында жүргізген зерттеулерімен танымал. Бұл аймақ теңіз жануарларының жақсы сақталған қазба қалдықтарымен бүкіл әлемге мәлім.

Палеонтолог Марио Гамарра:

Қазбаның осылайша жақсы сақталуы бізге бұл жануардың қалай жүзгенін, немен қоректенгенін және қанша уақыт өмір сүргенін зерттеуге мүмкіндік береді, - дейді.

Айта кетейік, Окукахе шөлі бұрыннан «қазба аңшыларының жұмағы» саналады. Мұнда бұған дейін де ергежейлі киттердің, дельфиндердің, акулалардың және миоцен дәуірінде (5-23 миллион жыл бұрын) өмір сүрген басқа да теңіз жануарларының қаңқалары табылған.