Перспективалы жоспар

14 Сәуір 2017, 09:33 5962

Сарапшы пікірі

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық жаңғыру» атты мақаласы – біздің қоғамымыздың рухани жаңғыруының маңызды қадамы, деп санайды «Нұр Отан» Республикалық қоғамдық қабылдау партиясы меңгерушісінің орынбасары, «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Арыстанғали Сансызбаев.

Оның ойынша, мақала – халқымыздың одан әрі даму бағдарламасын ұсынатын маңызды құжат.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қоғамның рухани жаңаруын көздейтін бағдарламалық құжат. Бұл халқымыздың рухани дамуының перспективалы жоспары. Бағдарламалық мақалада әсіресе ұнағаны – халқымыздың өзіндік ерекшелігі мен өзіндік сәйкестігін сақтай отыра, өсу, бәсекеге қабілеттілікті дамыту бойынша революциялық мақсаттар», – деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ, ол Президенттің сөздері халықаралық аренада қазіргі Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерін көрсететінін қосты.

«Ұсынылған шаралар өз нәтижесін беретініне және біздің еліміз әлемнің ең күшті мемлекеттерінің біріне айналатынына сенімдімін. Ағылшын тілін үйрену, латын әліпбиіне көшу және өзге де шаралар бізге жаңа мүмкіндіктер, жаңа шекаралар ашады, бүгінгі жастар өз идеялары мен жобаларын жаңа әрі анағұрлым кең форматта іске асыра алады», – деп қорытындылады А. Сансызбаев.

Әлемнің біздің елімізді мұнай ресурстары мен ірі сыртқы саяси бастамалар бойынша ғана емес, сонымен қатар біздің мәдени жетістіктеріміз жағынан да білгені Қазақстан үшін аса маңызды.

Ақбота Күзекбай

Бөлісу: