Педофилдердің өмір бойына соттайтын заң жобасы Мәжіліске жетті

31 Қаңтар, 11:21 814

Парламент Мәжілісінің қарауына мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына сәйкес заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, заң жобасында біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. 

Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру қарастырылған, - деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру ұсынылды.

Сонымен қатар, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма бар. Суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кезкелген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.

Алмас Абылай
Бөлісу: