Бала денсаулығына қатысты сұрақ көп. Тұмаудан қалай сақтанамыз? Балаға витамин мен БАД беру қажет пе? Антибиотикті қашан қолдану керек? Балабақшаға бейімделуді қалай жеңілдетуге болады? Бесікке бөлеу қаншалықты дұрыс? Бұл шығарылымда балалар дәрігері Мереке Икрамханқызымен балалар денсаулығына қатысты маңызды мәселелерді талқыладық. Педиатр ата-аналар жиі жіберетін қателіктер, вакцина, антибиотик, анемия, сарғыштық, колики, бала тамағы, тіс күтімі және массаж туралы түсіндіреді. Сонымен қатар, бесікке бөлеу, жүкті әйелге қысым көрсетпеу және вакцина салдыруға қатысты ата-ананың жауапкершілігі туралы да сөз болды.