Педагогтерді аттестаттау рәсімі өзгереді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр педагогтерді аттестаттаудың жаңа жүйесін түсіндірді.
Педагогтерді аттестаттау рәсімі де өзгертілді. Аталған жүйені автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында платформа ШҚО, БҚО мен СҚО және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады, - деді министр.
Бұған дейін министр брифингте жайлы мектептердің құрылысы жөнінде айтты.