Сарыкөл ауданының мектептерінде медиация кабинеттері ашылмақ. Ол туралы шешім Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассаммблеясы Қоғамдық келісім кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдаудан кейінгі пленарлық отырыста қабылданды.
Мектеп мұғалімдері облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Ольга Евдокимова аудан мектептерінде медиация кабинеттерін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады.
«Мектептерде мұндай кабинеттер ашылуы қажет, себебі оқушылардың арасында дау-дамайлар туындайды. Балалар сөзге келіп қалып, біраз уақыттан кейін реніштерін басып, бәрін ұмытуы мүмкін, ал олардың ата-аналары өзара келіспей жатады. Медиация - дау-дамайдың алдын алуға бағытталған шара. Білім алушылар келіспеушіліктерді болдырмаудың және өзара келісім орнату жолдарымен танысады. Достық пен келісім сынды құндылықтарды бала кезден бастап дарыту қажет», - дейді Сарыкөл аудандық Білім бөлімінің басшысы Ирина Науменко.
Ольга Николаевна өз кезегінде медиация кабинеттерін ашу және олардың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина аудан тұрғындарын ҚХА қызметімен таныстырса, Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Әлібек Табұлденов Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы бойынша түсіндірме жұмыс жүргізді.
Пленарлық отырыстан кейін сарапшылар бір сағат бойы азаматтарды қабылдады. Тұрғындардың көбі зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану мүмкіндігі және атаулы әлеуметтік көмек алудың шарттарына байланысты сұрақтар қойды.
«Өкінішке орай, қазіргі уақытта зейнетақы қорындағы қаражатты оқу ақысын төлеу, ем алу мақсатында немесе тұрғын үй сатып ау үшін де пайдалану мүмкін емес. Үкімет жыл соңына дейін бұл мәселенің шешімін таппақ», - деді Қостанай облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басшысы Мұрат Мұратбеков.