Павлодарлықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 27 млн теңгеге өнім сатып алды

15 Қаңтар 2023, 05:08 901

Қалада жыл басталғалы алғашқы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткен

Павлодарлықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 27 млн теңгеге өнім сатып алды, деп хабарлайды El.kz Pavlоdarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бізде әрдайым көп адамдар болады. Мұнда апта сайын орта есеппен 140-150 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қайта өңдеу және кооперацияны дамыту бөлімінің басшысы Әсемгүл Бектұрова.

Мұнда барлығы апта сайын 27-28 млн теңгеге саудаланады.

Жәрмеңкеге Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарының, сондай-ақ Тереңкөл, Аққұл аудандарының әне Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысты. Успен, Шарбақты және Павлодар аудандарынан автоцистерналар литріне 170 теңгеден сүтпен саудаланды. Жұмыртқаның он данасын 440-450 теңгеден сатып алуға болады.

Ақкөл, Тереңкөл, Павлодар және Ақтоғай аудандарының шаруа қожалықтары 95 теңгеден картоп пен көкөніс жеткізуді ұйымдастырды.

Сондай-ақ, павлодарлықтар етті нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алды. Жылқы етінің бір килограмы 2300-2500 теңге, сиыр еті 1900-2100 теңге, қой еті 1900-2100 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: