17.06.2023
15:07
1515
Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады

Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады

Павлодар облысында аяқтық жасап, зейнеткерлерді алдаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды.

Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленіп, тиісті ақша  екі жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте.