23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПавлодар облысындағы «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінің студенттері «Брама», «Джерсий гиганты» және «Кучинск мерейтойлық» тұқымындағы 30-дан астам үй құсын өсіріп шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұмыртқаны салу сәтінен бастап эмбрионның қалыптасуына дейінгі инкубация үдерісінің барлық кезеңдері студенттердің толық бақылауында және ғылыми бақылаулармен сүйемелденеді. Бұл практикалық оқыту кәсіпкерлік көзқарасқа негізделіп, студенттерге оқу барысында өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік бермек.
Аграрлық технологияларды игеру басқа бағыттарда да жалғасуда. Жуырда болашақ ветеринарлар еліміздегі ең өнімді етті ірі қара тұқымдарының бірі саналатын қазақтың ақбас сиырын қолдан ұрықтандыру жұмысын сәтті жүзеге асырды.
Мұндай практикаға негізделген сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттерін арттырып, өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді, - деді колледж директоры Айгүл Байжұманова.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады