Павлодарлық мүгедек әйел өзін зорлап кеткен адамды кешіре салды

5 Қараша, 11:02 617

Павлодар сотында белгісіз үйге кіріп, әйелді зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс жабық сот отырысында қаралды. Сондай-ақ істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Сотта жәбірленушінің өкілі мен оның адвокаты келтірілген моральдық зиян өтелгендіктен сотталушымен татуласқандарын және оған ешқандай талаптары жоқ екенін айтты. Сондықтан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сотталушы кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінді. Ол және оның адвокаты шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот істің барлық мән-жайын зерделеп, тараптарды тыңдай келе, сотталушыны «Зорлау» бабы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы шешім қабылдады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: