28.03.2024
15:00
852
Павлодардағы су тасқынына қарсы күреске барлық қызметкер жұмылдырылды

Павлодардағы су тасқынына қарсы күреске барлық қызметкер жұмылдырылды

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдарымен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 наурыз сағат 14:00-дегі жағдай бойынша облыс бойынша автокөлік жолдарының 7 учаскесі бақылауда, оның ішінде республикалық маңызы бар 5 учаске және аудандық маңызы бар 2 учаске, елді мекендерде су тасқынына қарсы 20 учаскесінде (Павлодар қ. - 4, Ақсу қ.-5, Павлодар-1, Ақтоғай-4, Ертіс-2, Мамыр – 2, Успенский-2,) жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 221 адам, 79 бірлік техника, 30 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары.

28 наурыздың сағат 08-00-ден 14-00-ге дейін 8798 м3 еріген су сорылды, 613 қап инертті материал төселді.

ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдармен елді мекендерге тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен мониторинг жүргізілуде.