Павлодарда жыл басынан бері 483 адам қызылша жұқтырған

16 Ақпан, 08:35 570

Павлодар облысында қызылшаға шалдығу дерті әлі де ушығып тұр. Жыл басынан бері өңірде аталған дертке шалдығудың 483 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткенде брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары З.Дощанова осындай мәліметпен бөлісті. Спикер өз сөзінде тілшілерге ЖРВИ, қызылша, коронавирус және ауа тамшылары арқылы берілетін басқа да инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

Департамент басшысының орынбасары эпидемиологиялық маусым жалғасып жатқанын, алайда ЖРВИ мен тұмау бойынша сырқаттанушылықтың шарықтауы артта қалғанын атап өтті. Бүгінгі таңда өңірде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 375 мыңға жуық жағдайы тіркелген. Науқастардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр (225 мыңнан астам адам). Тұмау 63 пациентте расталған. Ал коронавирус бойынша жағдай тұрақты, жекелеген жағдайлар тіркелуде. Оның сөзінше, статистика бойынша 2024 жылдың қаңтарында 34 жағдай тіркелді, ақпанда – 10.

Қызылша бойынша жағдай шиеленісті болып қала береді. Ағымдағы жылдың бір жарым айында қызылшаның 483 жағдайы тіркелді, олардың 80 пайызы 14 жасқа дейінгі ауырған балаларды құрайды, - деді спикер.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында қосымша жаппай иммундау шеңберінде 32 мыңнан астам адам екпе алған.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: