Павлодарда жолаушылар автобусы екі адамды қағып кетті

14 Наурыз, 16:36 1709

Павлодарда жолаушылар автобусы екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Малайсары батыр мен Российская көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде екі адамды қағып кеткен видеосы тараған еді. Оқиға орнына медициналық бригада тоғыз минутта жеткен.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 13 наурызда 14:52-де станцияға жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскенін мәлімдеді.

Түрлі жарақаттармен 17 жастағы жасөспірім қызды облыстық балалар ауруханасына, ал 63 жастағы әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: