Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған Израиль азаматы қамалды

20 Ақпан, 15:46 716

Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті.

ҚР ІІМ мәліметінше, жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген.

Мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші жазаланады. Сот 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: