Павлодарда жол апатынан 2 адам қаза тапты

11 Тамыз 2023, 13:17 603

Баянауыл ауданында көліктер соқтығысып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 тамызда сағат 15:11-де жедел жәрдем станциясына Екібастұздан 50 шақырым жерден Мәшһүр Жүсіп ауылына бара жатқан жолда 2 көліктің соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. 3 медициналық бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен.  

7 жасар балаға жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайғалды, жамбас сүйегі сынды деген диагноз қойылып, Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 32, 31, екі 25 жастағы ер адам түрлі жарақат алды. Олар да Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Көлік апаты салдарынан 31 жастағы әйел мен 53 жастағы ер адам көз жұмды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: