7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар – Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған факті бойынша келесіні хабарлаймыз: жекеменшік футбол мектебінде жаттығатын балалар тобы 2011–2012 жылы туған командалар арасындағы балалар турниріне қатысу үшін Астана қаласына жол тартқан. Сапар алдында балалардың ата-аналары олардың жарысқа қатысуына және жол жүруіне келісім беріп, бұл келісім WhatsApp мессенджеріндегі ортақ чат арқылы расталған, - делінген ақпаратта.
Алайда, балаларды тасымалдаған жекеменшік футбол мектебінің өкілдері бұл туралы жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарына алдын ала хабарламаған.
Айта кетейік, бұған дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық жергілікті атқарушы органдарға балаларды тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі жөнінде арнайы нұсқаулықтар (алгоритм түрінде) жолдаған болатын. Аталған құжаттарда еріп жүруші тұлғалардың жауапкершілігі, көлік құралдарының техникалық жай-күйі, қажетті құжаттардың болуы және тасымалдау тәртібі нақты көрсетілген.
Қазіргі уақытта 16 баланың 15-і үйлеріне оралды. Бір бала бүгін санитарлық авиация арқылы Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тұрғылықты жері бойынша ем қабылдауды жалғастырады. Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі зардап шеккен баланың анасымен тұрақты байланыста, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, көлікте болған жаттықтырушы көз жұмған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?