01.04.2023
19:03
1455
Павлодарда жол апаты кезінде жолаушы мерт болды

Павлодарда жол апаты кезінде жолаушы мерт болды

Павлодар қаласында жол апатынан жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

1 сәуір сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында КҚ-на жол бермей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысқан.

Audi автокөлігінде болған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның мән - жайы мен себептері тексеру барысында анықталады.