23.02.2025
18:12
853
Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары іс-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан.

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департамент.

Департамент оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын айтты.

Айта кетейік, 21 ақпан күні түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам үйіне оралмаған.