03.09.2024
10:10
1746
Павлодарда жаттықтырушы он жастағы қызды зорлаған

Павлодарда жаттықтырушы он жастағы қызды зорлаған

Павлодарда футбол бапкері 10 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.

Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабардамасында.

Тергеу барысы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.