Павлодарда жатақханадан студент қыздың мәйіті табылды

30 Сәуір, 17:18 3150

Павлодарда студент қыз жатақханада өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция өзін-өзін өлтіруге жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыз бала жергілікті колледждердің бірінде білім алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады полициядан.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: