29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар облысында жасөспірім мас күйде мотоцикл тізгіндеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылжар мен Ертіс ауылдарының арасындағы жолды полицейлер патрульдеу барысында мотоциклді тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің әлі 18 жасқа толмағандығы және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Сонымен қатар жігіттен алкогольдің өткір иісі шыққан. Істің барлық мән-жайларын анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы медициналық куәландыру үшін жасөспірімнің анасы шақырылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарының сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамасын толтырып, сотқа жолдады. Сот шешімімен жасалған құқық бұзушылықтар үшін ата-анасына 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Полиция мотоциклді жүргізген кезде жүргізуші мен оның жолаушысы бекітілген мотошлемдерде болуы керек екенін еске салды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек