Павлодарда жас шабандоз миллионер атанды

21 Шілде, 10:44 618

Бәйге «Құлагер» ипподромында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ат жарысы қала күніне орай ұйымдастырылды. Бәйгені көруге келген павлодарлықтар мен қонақтар үшін лотерея ойнатылды. Сегіз шақырым қашықтықтағы өткен құнан бәйгеде алғашқы болып қарағандылық жігіт Самбалақ атты тұлпарымен жетті.

Ал 24 шақырымдық ат жарысы қатысушыларға оңай берілмеді. Кейбір сәйгүліктер орта жолда шаршап, бәйгеден шығып қалды. Аламан бәйгеде шабандоз баланың төзімі, тақымының мықтылығы да сынға түседі. Галицкий ауылының тумасы Аян есімді бала Сафлор тұлпарымен қиынға соққан жарыста жеңіп, мәреге бірінші болып келді. Жасөспірім бәйгеде 1,5 миллион теңге ұтты.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: