Павлодарда жанармай құю стансасы өртенді

Бүгiн, 16:25 132

Павлодарда жанармай құю станциясының аумағында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар ЖҚС жарылысының алдын алған.

Павлодар қаласының шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейіннен от автожуу ғимаратына ауысқан. Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: