Павлодарда жақсылықтың қастықты жеңген мерекесі - Ханука аталып өтті

12 Желтоқсан 2018, 03:26 2177

Павлодар қаласындағы Достық үйінде «Мерказ» еврей этномәдени орталығы «Ханука» мейрамын атап өтті.

Іс-шара барысында «Маоз цур» әні орындалып, «Ханука» мейрамының тарихы баяндалды. Көрермендер арасында Ханука туралы викторина ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер назарына «Ханука» мейрамының шығу тарихы, тойлану дәстүрі мен ұлттық  тәтті тағамдар ұсынылды.

Дәстүр бойынша, Ханука сегіз күн бойы аталып өтіледі. «Ханука» сөзі иврит тілінде екі бөліктен тұрады. Бірінші «Хан» сөзбе-сөз «олар бейбітшілікке жетті» дегенді білдіреді. Екінші, «ка» - бұл әріптердің жиынтығы, олардың сандық мәні - жиырма бес. «Ханука» сөзі «адалдық» дегенді білдіреді. Хануканы атап өту кезінде сегіз күн бойы шамдар жағылады. Олар әдетте үйдің тамақтанатын бөлмесінде көрнекті орынға орнатылады.

Шара барысында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі С. Жетпісбаев қонақтарды мерекемен құттықтады, еврей орталығының жұмысын атап өтіп, оларға табыс тіледі.

«Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары («Тэйбэлах», «Анахну», «Тапуах», «Мазаль») өздерінің әдемі билері мен әндерін ортаға жайып салды

Бөлісу: