29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар облысында жеке үйдегі өрттен 2 жасар қыз көз жұмды. Өрт 80 шаршы метрді аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жергілікті уақытпен сағат 10:29-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 8 адам мен 2 техника жедел жетті. Тұрғын үйдегі өрттен 2019 жылғы бала бірінші, екінші дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды. Алайда, күйік шалған баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Үй өртенген кезде балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасының анасы сегізінші баласының өмірге келер күнін күтіп жүр.
Тілсіз жау сағат 11:45-те оқшауланды. Ал, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек