Павлодарда ұрлықшы үйді тонап, балаға зорлық көрсеткен

7 Тамыз 2023, 16:45 1314

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабарлаған. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.

Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды.

ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: