Павлодарда ТҚО-да өрт шығып, үш көлік зақымданды

2 Маусым, 19:30 418

Павлодар қаласында көлікке техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты. Өрт кезінде үш көлік зақымданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған.

Құтқарушылар бір газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ,-делінген ТЖМ мәліметінде.

Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: