Павлодарда танысын ұрып өлтірген ер адам 13 жылға сотталды

25 Қаңтар, 06:11 589

Павлодар облысында ішімдік ішіп, танысын ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Екібастұз тұрғыны қалаға жұмысқа келген Баянауыл ауданының тұрғынын өлтірді деп айыпталған қылмыстық іс қалалық сотта қаралды. Оқиға өткен жылдың жаз мезгілінде болған. 25 шілдеде таңертең Екібастұз қаласындағы Қонаев көшесіндегі үйдің ауласында жедел жәрдем мен полиция шақырған жолаушы пышақ жарақаты бар адамды тапқан.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жолға шығып, тергеу кезінде марқұмның соңғы байланыстарын, телефон арқылы сөйлесулерін және достарымен бірге ішімдік ішкен мерекені анықтады. Сол түні пәтерде үш ер адам мен екі әйелдің отырысы таңға дейін жалғасқан.  Таңертең ерте әйелдер кетіп, ер адамдар үйдің ауласында әңгімені жалғастырған. Біреуі мас күйінде сол жерде танысын ұрған.

Сотталған ер адам такси шақырып, Астанаға кеткен. Екібастұз қаласының жедел уәкілдері оны ұстады. Оның кінәсі толығымен дәлелденіп, сот үкімді жариялады. Іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот ерекше режимдегі қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деді Екібастұз қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: