01.07.2024
07:30
1258
Павлодарда суға кеткен жігіттің денесі табылды

Павлодарда суға кеткен жігіттің денесі табылды

Іздеу жұмыстары үш күнге созылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 жастағы жігіттің денесін жағалаудан куәгерлер байқап қалған. Ал мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, павлодарлық 28 маусым күні сағат 16:00-де суға батып кеткен. Сол күні жігіт орталық жағажайда демалған. Оның досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп, сол күйі шықпаған.