Павлодарда суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды

23 Шілде 2023, 19:16 631

Павлодарда Усолка жағасындағы акваторияны аралап жүрген құтқарушылар суға кеткен ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1996 жылы туған ер адам шомылуға арналмаған жерде батып бара жатқан.

Сол жерден өтіп бара жатқан құтқарушылар демалушылардың әлдебіреуді судан шығаруға әрекет жасап жатқанын байқаған.

Құтқарушылар дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, реанимация жасады.

Одан кейін павлодарлық азаматты 103 бригадасына тапсырды.

Жас жігіт достарымен демалып жүргені белгілі болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: