Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісін әкім бақылауына алды

2 Тамыз 2023, 09:03 1155

Бұл істі облыс әкімі Асайын Байханов жеке қадағалауына алып, жасөспірімге қажетті көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін мен аппараттық жиналыстың жабық бөлігінде Павлодар қаласында оқушыны жабылып ұрып-соғу оқиғасы бойынша сұрақты қозғадым. Ата-ана ретінде мен бұған бейжай қарай алмадым, сондықтан Полиция департаменті мен облыстың білім басқармасының басшылығына бұл жағдайды тергеу барысымен мені хабардар етіп отыруды тапсырдым, - деді әкім.

Облыс басшысы күдіктілер мен зардап шеккен балалар оқитын мектептердің біріне барып, педагогтармен сөйлескен, сонымен қатар мемлекеттік органдарға зардап шеккен баланың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырған.

Мұндай фактілер біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналмауы керек. Ондай жағдайларды түбімен жою, балаларды мейірімділікке, адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: