04.06.2023
03:28
1282
Павлодарда құрғақ шөп өртенді

Павлодарда құрғақ шөп өртенді

Өрт Мойылды ауылына жақын жерден шыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі  хабарлайды. 

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бүгін 101 пультіне сағат 16:26-да хабарлама келіп түсті. Мұнда Павлодар қаласында Мойылды ауылына жақын жерде құрғақ шөп жанған, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 1 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар Мойылды ауылдық әкімдігі өртке қарсы ерікті түрде көмекке келген.